2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы

   

2022 жылдың қаңтар айынан бастап келесі көрсеткіштер белгіленді:

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) -3063 теңге;

ең төменгі зейнетақы-46 302 теңге;

БЗТ ең төменгі мөлшері-19 460 теңге;

ең төменгі күнкөріс деңгейі-36 018 теңге;

жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге.

2022 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 7% - ға арттырылды.

Жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2022 жылы 46 еселенген АЕК-тен (140989 теңге) аспауға тиіс.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, оның ішінде МӘМ-де тұратын және түзеу мекемелеріндегі адамдар үшін "ҚР-да мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" ҚРЗ-ның 12,16 және 18-баптарында көзделген мөлшерде белгіленген және ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылған.

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақының, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақының, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденімен наградталған көп балалы аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитындар, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін), сондай-ақ Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылар АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды.

Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының және 1-топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2022 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ЕТКД ұлғаюына байланысты арттырылды.

2022 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ЕТКД ұлғаюына байланысты арттырылды.

2022 жылдың 1-ші қаңтарына дейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына тағайындалған ай сайынғы төлемдер 2022 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап алынатын мөлшерден 5% - ға арттырылды.