Қайырлы күн құрметті тұрғындар!
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған техникалық құралдарды беру тәртібі өзгереді.
Биыл жаңа жоба Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында қосылады. Қазір мүгедектер арбасы сияқты құралдар тегін беріледі.
Бірақ оларды жөндеу жүргізілмейді, ал ауыстыру тек белгіленген мерзім өткеннен кейін жасалады.
Ал Жаңа жоба бойынша кейбір техникалық құралдар уақытша тегін пайдалануға беріледі. Атап айтқанда қайта пайдалануға жарамды, санитарлық тазалауға жататын құралдар мүгедектер арбалары, жүріп-тұруға арналған басқа да құралдар ғана жобаға қатысады.
Жеке гигиеналық құралдар мүлдем қатыспайды.
Бұл жобаның іске қосылу себебі, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруі, мысалы мүгедек арбасы қажет болмауы немесе одан бөлек құралға ауысуы мүмкін, сондай кезде арба мемлекетке қайтарылып, жөндеуден өтіп басқа адамның қажетіне жарайды.
Арнайы мамандар құралдардың жағдайын тексеріп отырады.Егер құрал жарамсыз болса, ол жаңасына ауыстырады. Ал жөндеуге болатын құралдар жөнделіп, қайта пайдалануға беріледі.
Егер құрал жарамсыз деп танылса, пайдалану мерзімі өтпесе де жаңасы беріледі.
Жалпы Пилоттық жобаға 40 тан асатын түрлі техникалық құрал түрі енгізілген.
Бұл өзгерістер техникалық құралдарды уақытында алуға және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
https://www.instagram.com/reel/DZMi80HIZ4T/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==