Сәйкестік декларациясы

Сәйкестік декларациясы

Құрметті облысымыздың тұрғындары, Қазақстанның Құрылыс кодексі 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енетінін хабарлаймыз.

Бұл құжат құрылыс саласындағы ашықтықты, қауіпсіздікті және есептілікті арттыруға бағытталған кешенді өзгерістерді қарастырады.

Кодексте алғаш рет қолжетімді (кедергісіз) орта ұғымының құқықтық анықтамасы берілген және оның өлшемдері нақты белгіленген.Кодекске сәйкес, Әлеуметтік қамсыздандыруды реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділікке қатысты сәйкестік туралы декларацияға қол қою құқығы берілген.Сәйкестік декларациясы, қарапайым тілмен айтқанда, салынған нысанның заң талаптары мен құрылыс нормаларына сәйкестігін растайтын жаңа нысанды пайдалануға беру туралы сертификат. Бұл нысанның қауіпсіз пайдалануға дайын екендігін растауды, соның ішінде мүгедектер үшін қолжетімділік талаптарын қамтиды.Қолжетімділік – бұл барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктер. Адамдар ауруханаға, банкке, дүкенге, мектепке немесе мемлекеттік мекемеге барғанда кедергілерге тап болмауы керек. Біздің мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі жандардың қызметтерге өз бетінше және ыңғайлы түрде қол жеткізуіне, жүріп-тұруына және қоғамға бірдей қатысуына жағдай жасау.