
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында департаментте Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік министірлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Уркен Болатовна Алшынбаевамен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқарамасының басшысы – Қайсар Хайранович Ақбаровпен әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы аясында кездесу өтті.
Іс-шара барысында қызметкерлерге мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың негізгі талаптары, Әдеп кодексінің ережелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары түсіндірілді.
Әсіресе азаматтармен, әріптестермен, сондай-ақ қоғамдық орындарда өзара қарым-қатынас кезінде қызметтік әдепті сақтау мәселелеріне баса назар аударылды. Қызметкерлерге өзекті әдіснемелік материалдар мен бейнематериалдар ұсынылды.