Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжат бола ала ма?

Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжат бола ала ма?

"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 ҚР Заңының 4-бабына сәйкес, туылған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалары бар көп балалы отбасылардың жәрдемақы алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.05.2015 ж. №319 бұйрығымен бекітілген "Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу қағидаларының" 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес көп балалы отбасы-құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы.

Бұл ретте, "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 116 – бабының 1-тармағына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау оларды отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) беру арқылы, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде-жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге

Кодекстің 87-бабының 1-тармағына сәйкес бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сот жүргізеді. Баланы асырап алу туралы істерді қарауды сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.

Осылайша, бала асырап алған жағдайда сот шешімі қабылданады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына 3-қосымша бекіткен "жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қорғаншылық пен қамқоршылық белгіленген кезде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-сұлтан, Алматы қалаларының білім бөлімдерінің (басқармаларының) және Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы шығарылады.

Кодекстің 133-бабының 2-тармағына сәйкес баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган арасында жасалатын баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындауына негіз болып табылады.

Осылайша, баланы асырап алу, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу және патронаттық тәрбиелеуге беру тәртібі әртүрлі.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығымен бекітілген балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес көп балалы отбасыға жәрдемақы тағайындау кезінде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен не өтініш берушіден балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжаттар немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер сұратылады.

Осыған байланысты, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау кезінде бала асырап алу не қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу бұл - міндетті шарт.