Департаментте мемлекеттік қызметшілерге оқыту өткізілді

Департаментте  мемлекеттік қызметшілерге оқыту өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 маусымында департаментте  мемлекеттік қызметке қабылданған Н.Ж. Мамбаеваға, А.Н. Тайжумановқа және А.М. Есентайға оқыту өткізілді.

Іс-шараны әдеп жөніндегі уәкіл Т.Б. Син жүргізді. Оқу 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Қызметкерлерге Әдеп кодексінің негізгі талаптары, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормалары түсіндірілді.

Әсіресе, құмар ойындарға қатысуға тыйым салынатыны, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау - тәртіптік жазаға, тіпті қызметтен босатуға алып келуі мүмкін екені атап өтілді.

Мақсат: мемлекеттік қызметшілерге алғашқы күндерінен бастап әділдік, заңдылық және этика қағидаттарын ұстану маңыздылығын түсіндіру.