Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында 11 мемлекеттік қызметті цифрлық форматта көрсетуді көздейтін пилоттық жоба енгізілді

Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында 11 мемлекеттік қызметті цифрлық форматта көрсетуді көздейтін пилоттық жоба енгізілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны енгізді. Қарағанды облысы мен Шымкент қаласы жобаны іске асыратын пилоттық өңірлердің қатарына енгізілді.
Жобаның мақсаты:
– әлеуметтік қолдау шараларын қайталану мен тиімсіз төлемдерден арылту;
– процестердің ашықтығын арттыру;
– шынайы мұқтаж азаматтарға атаулы көмек көрсету.

Жоба аясында келесі 11 мемлекеттік қызмет цифрлық форматта көрсетіледі:
1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындарға жатақхана беру»;
2. «Жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қамқоршылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы тұлғаларға, жоғары оқу орындарында оқитындар мен тәрбиеленушілерге тегін тамақ беру»;
3. «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;
4. «Жалпы білім беретін мектептерде оқитындар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақ беру»;
5. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін жолдама беру және құжаттарды қабылдау»;
6. «Білім беру ұйымдарында оқитындар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсету»;
7. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындарға жатақхана беру»;
8. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақ беру»;
9. «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау»;
10. «Тұрғын үй көмегін көрсету»;
11. «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету төлемін төлеу».
Жобаның ерекшелігі:
Әлеуметтік-демографиялық және экономикалық 23 критерий негізінде отбасылардың мұқтаждық деңгейін анықтайтын скорингтік модель енгізілуде. Мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау отбасының санатына байланысты автоматты түрде жүзеге асырылады.
Алты министрліктің бірлескен бұйрығы ресми түрде жарияланды. Жоба Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында іске асырылуда.