Меню
Страницы

I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын тұлғаға арналған жәрдемақы

I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын тұлғаға арналған жәрдемақы

Қазақстанда I топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын тұлғаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

🔹 Кімдер ала алады?
Бұл жәрдемақы I топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын тұлғаға (туыстық қатынастың бар-жоғына қарамастан) тағайындалады.

Маңызды: Жәрдемақы мүгедектігі бар адамға емес, күтім жасаушы тұлғаға беріледі. Бұл – мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың жеке түрі.
Жәрдемақы мөлшері
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жәрдемақы мөлшері айына 81 871 теңгені немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,61 еселенген мөлшерін құрайды.

🔹 Негізгі шарттар
Жәрдемақы I топтағы мүгедектік мәртебесі белгіленген кезеңге тағайындалады. Мүгедектігі бар адам мен оған күтім жасайтын адам бір елді мекенде тұруы тиіс.

Егер күтімді бірнеше адам жүзеге асырса, жәрдемақы солардың біреуіне тағайындалады.

🔹 Қалай өтініш беруге болады?
Өтініштерді мына жолдармен беруге болады:
* eGov порталы арқылы;
* «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы.
Қызмет тегін көрсетіледі. Бұл мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі — 7 жұмыс күні.

Қызметті алу шарттары мен қажетті құжаттар туралы толық ақпаратты gov.kz ресми сайтынан алуға болады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері