Техникалық оқыту

Техникалық  оқыту

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау  Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің» зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г.Жумагалиевамен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша филиалының» қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, бас тартулар мен қайта өңдеулерді болдырмау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әдістемелік-техникалық оқыту жүргізілді.

Мамандардың қойылған сұрақтарға қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес түсінік берілді.