ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-қызмет көрсетуші) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп 2024 жылдың мамыр-шілде айларында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижесінде қызмет алушы-жеке кәсіпкерлер үшін «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жасанды әкімшілік кедергілер келтіру тәжірибесі қалыптасқандығы анықталды.
Аталған қызмет түрін көрсету ҚР ЕХӘҚМ 22.06.2023 жылғы №232 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарымен реттеледі. Қағиданың
15-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде қызмет алушының табыс мөлшері Мемлекеттік қорға міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар туралы орталықтандырылған дерекқор мәліметтерімен расталады.
Алайда, қызмет көрсетуші тәжірибеде жоғарыда аталған қағидалардың талаптарынан басқа, жеке кәсіпкер болып табылатын қызмет алушылардың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынған табыс мөлшерін көру үшін салықтық декларация тапсыру міндеті (ҚР Салық кодексінде көзделген мерзім) туындамаса да салықтық декларацияны тапсыру қажеттігі туралы талап қойылып келген.
Талдау нәтижесі аталған тәуекелдің орын алу себебін – қағида талаптарында қарастырылмаған бірақ, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын «Е-макет» бағдарламасында мемлекеттік кірістер органдарына автоматты түрде сұрау салу функциясы қарастырылғандығымен байланысты екендігін көрсетті.
Өз кезегінде, сыртқы талдау нәтижесінде анықталған тәуекелдерді жоюды көздейтін екі Департамент арасында жасақталған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, жеке кәсіпкер болып табылатын қызмет алушылардан салықтық декларацияларды талап ету тәжірибесін тоқтату туралы бұйрығы (30.09.2024 жылғы №1748-нц) шығарылып, осылайша қызмет алушыларға жасанды әкімшілік кедергі келтіру тәуекелі толықтай жойылды.