Қазақстандағы жәрдемақылардың жаңа мөлшері

Қазақстандағы жәрдемақылардың жаңа мөлшері

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылмақ.
"2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сәйкес мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен төленетін арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты алынатын мөлшерден 6,5 пайызға арттыру жоспарлануда.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғарыда аталған жәрдемақылардың мөлшері:

1. Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (ең төменгі күнкөріс деңгейінен):
мүгедектігі бар адамдар (жалпы аурудан): I топ - 101 702 теңге, II топ-81 362 теңге, III топ-55 474 теңге;
бала кезінен мүгедектігі бар адамдар: I топ - 101 702 теңге, II топ-84 598 теңге, III топ-74 428 теңге;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар-74 428 теңге;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар: I топ - 101 702 теңге, II топ-84 598 теңге, III топ-74 428 теңге;
 

  • төтенше экологиялық жағдайлардың салдарынан мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан мүгедектігі бар адамдар: I топ - 148 855 теңге, II топ - 127 127 теңге, III топ-106 787 теңге;
  • қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес мертігу салдарынан әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) қатарынан мүгедектігі бар адамдар: I топ-101 702 теңге, II топ-81 362 теңге, III топ-55 474 теңге;
  • қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігу салдарынан әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) қатарынан мүгедектігі бар адамдар: I топ - 182 139 теңге; II топ - 140 534 теңге; III топ - 106 787 теңге.

2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (ең төменгі күнкөріс деңгейінен):

отбасының еңбекке қабілетсіз бір мүшесі болған кезде- 42 530 теңге;
екі мүшесі болған кезде - 78 588 теңге;
үш мүшесі болған кезде - 104 013 теңге;
төрт мүшесі болған кезде - 120 193 теңге;
бес мүшесі болған кезде - 127 127 теңге;
алты және одан да көп мүшесі болған кезде - 138 684 теңге;

3. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы (ең төменгі күнкөріс деңгейінен) - 92 456 теңге.

4. Мемлекеттік арнаулы жәрдемақы (айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен):

№ 1 тізім-37 040 теңге;
№ 2 тізім-32 951 теңге.
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының ең төменгі мөлшері – 42 530 теңге, ең жоғары мөлшері-138 684 теңге.