Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға  күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға  күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы

      Халықтың  әл-ауқат деңгейі мен оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын айқындау мақсатында,  әлеуметік жәрдемақылар мен төлемдер түрінде мемлекеттік көмек және қолдау көрсетілуде.

     Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің»  187- бабына сәйкес, мүгедектік себебіне қарамастан, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы беріледі.

      Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.

       Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындалады.

      Отбасында бірінші топтағы мүгедектігі бар екі және одан да көп адам тұратын жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы олардың әрқайсысы үшін тағайындалады және төленеді.

     Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға бірнеше адам күтім жасаған жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.

      Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам және күтім жасайтын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.

      Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді (69 886 теңге).

     Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.

Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері және "электрондық үкіметтің"  веб-порталы арқылы өтініш бере отырып жүзеге асыра алады. Жүгіну күні өтініш берген күн болып есептеледі. Күтім жасайтын адам ауысқан жағдайда жәрдемақы ауысу күніне дейін төленеді.

Өтінішке төмендегі құжаттарды қоса тапсырады:

-    бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімін жасайтын адам болып айқындалған адамның жеке басын куәландыратын құжат;

 - тұрғылықты жері бойынша тіркелуі бойынша мәлімет(күтім жасайтын адам ретінде айқындалған адамның және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның бір қала және (немесе) аудан шегінде тұру);

- банк шотының нөмірі туралы мәлімет;

- күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін бірінші топ мүгедектігі бар адамға  (соттың әрекетке қабілетсіз деп тану фактісі айқындалған адам үшін) қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат;

- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның мүгедектігі туралы анықтама;

- күтім жасайтын адамға берілетін психикалық денсаулық орталығында есепте тұру фактісінің жоқтығы туралы мәліметтер.

    Бүгінгі таңда, Атырау облысы бойынша бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімін  жасайтындар   - 1281 төлем алушылар.