Ана мен баланы қолдау

Ана мен баланы қолдау

   

Ана мен баланы қолдау

 

 

    Балалы отбасылардың құқығы мен заңдық мүддесін қорғау Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі ана мен баланы қолдау.

    Бүгінгі күні Қазақстанда балалы отбасыларды қолдаудың кешенді моделі қалыптастырылды, онда мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер жүйесі  және әлеуметтік қорғаудың басқа да шаралары қамтылады.

    Бала туылуы және оны отбасында тәрбиелеуге ынталандыру

    - жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала бір жарым жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы (отбасындағы бала санына қарай дифферецияланған мөлшерде. Бірінші балаға 5,76 АЕК – 19 872 теңге, екінші балаға 6,81 АЕК – 23 495  теңге, үшінші балаға 7,85 АЕК – 27 083 теңге, төртінші және одан көп балаға 8,90 АЕК – 30 705 теңге).

   Балалы отбасыларға ұсынылатын жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіш және ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерімен есептеледі.

   Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 « Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңының 8- бабында,

     «Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бір жарым жасқа толғанға дейiн тағайындалады.

       Бір жарым жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

      Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.

      Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығымен бекітілген  «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларына»  1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала туғанда берілетін жәрдемақыны және бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау үшін өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.

Қандас мәртебесі бар адамдар бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындауға жүгінген кезде қандас куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат  ұсынады;

2) баланың  туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген кезде – неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген немесе баланы асырап алған кезде – балаға қамқоршылық  белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;

үшінші тұлғалар өтінішті және қажетті құжаттарды тапсырған кезде – нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам куәландырған сенімхат.

  Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау үшін баланың туу туралы куәлігі не туу туралы азаматтық хал актілері жазбасынан мәліметтерді қамтитын анықтама, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген неке қию  туралы мәліметтерді қоспағанда, неке қию, некені бұзу туралы куәлік, сондай-ақ балаға қорғаншылық белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға сәйкес көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат расталған кезде талап етілмейді.

Порталға:

   жәрдемақы тағайындау үшін – Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық үкімет порталы арқылы бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы және бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындауға өтініш;

  жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Проактивті қызмет арқылы:

жәрдемақы тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Өтініш берушінің электрондық өтінішінде көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, баланың  туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме, неке қию, некені бұзу туралы куәлік, балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер, банк есеп шотының нөмірі туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  Көрсетілетін қызметті берушілер бір реттік құпиясөз беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісу кезінде, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады.