Профилактикалық бақылау

Профилактикалық бақылау

 «Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ – нің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары 2022 жылдың ІІ-ші жартыжылдығына бекітілген кесте аясында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына профилактикалық бақылау жүргізді.

Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша "Махамбет аудандық ауруханасы" ШЖҚКМК анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарым берілді, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғауға бағытталған құқықтық-нормативтік заңдар түсіндірілді.

ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 83 бабына сәйкес, ҚР "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау" заңнамасының талаптары орындалмаған жағдайда айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады деп атап өтілді.