Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің Индер ауданындағы көшпелі отырыстары

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің Индер ауданындағы көшпелі отырыстары

       «Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нің 2022 жылға арналған көшпелі отырыстар кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың  06.10.-07.10. жұлдызы аралығында МӘС әдіснама және бақылау, №2 МӘС бөлімдерінің мамандарымен Индер аудандық ауруханаларында көшпелі отырыс өткізілді. Көшпелі отырыста  жалпы саны – 43 адам куәландырылды, оның ішінде 37 қызмет алушы аяқтай келсе, 6 адам проактивті куәландырудан өтті. 1 адам үйден қаралды.

        Сонымен қатар, аурухананың дәрігерлерімен кездесу ұйымдастырылып, МӘС мамандары елімізде былтырдан бері енгізіліп жүзеге асып жатқан проактивті куәландыру жобасы туралы, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдамалардың негізділігі, дұрыстығы және уақытында жолдануы, сондай-ақ куәландыруға келмегендер жайында айтты.