Түсіндірме жұмыстары

Түсіндірме жұмыстары

Ағымдағы 20 қыркүйегінде  Еңбек және әлеуметтік қорғау  комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.С.Беккалиева,  Атырау облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ-ы, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшелері, «Азаматтарға арналған Үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес  АҚ-ның Атырау облыстық филиалы бөлімшелерінің мамандарының қатысуымен Мемлекет басшысының 2022 жылдың 1 қыркүйектегі  Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру барысында   Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің жобасы бойынша Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде бала күтімі бойынша жәрдемақы мерзімін бір жылдан бір жарым жасқа дейін ұлғайтылғандығы,   зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын жоспар бойынша арттыруды 61 жас деңгейінде 5 жылға дейін тоқтата тұру, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін кезең кезеңімен жеткізу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.