Атырау облысы Махамбет ауданындағы профилактикалық бақылау

Атырау облысы Махамбет ауданындағы профилактикалық бақылау

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары 2022 жылдың І жартыжылдығына арналған кестеге сәйкес "Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді тексеруге профилактикалық бақылау жүргізді. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша жою туралы ұйғарымдар берілді, сондай-ақ бақылау органына нұсқамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсыну туралы ұсынымдар берілді.