Түсіндірме жұмыстары

Түсіндірме жұмыстары

2022 жылдың 24 маусымда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.Беккалиева және "Атырау облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының", Мемлекеттік аннуитеттік компаниясының, Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры, "Атырау облысы бойынша медициналық сақтандыру қоры" мамандарының қатысуымен "Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы" АҚ Атырау магистральдық желі бөлімше филиалының қызметкерлерінің арасында зейнетақы, жәрдемақы мөлшерінің өзгергендігі, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры арқылы төленетін төлемдер бойынша және мемлекеттік аннуитет, медициналық сақтандыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарына түсінік, жауаптар берілді.