Түсіндірме жұмыстары

Түсіндірме жұмыстары

  2022 жылдың 13 мамырында  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон  Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы К.Калиева мен № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің  бас маманы А.Беккалиева , «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы  Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы департаментінің Жылыой аудандық бөлімінің басшысы А.Куанышева  және Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшысы Н.Сауытовпен "Атырау облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының" бас маманы Н.Салимовтың  қатысуымен Жылыой ауданы тұрғындарына, көп балалы аналарға, зейнеткерлерге, жұмыссыз азаматтарға, мүгедектігі бар азаматтарға зейнетақы, жәрдемақы  мөлшерінің өскендігі туралы, атаулы әлеуметтік көмек туралы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер бойынша түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.    Сондай-ақ қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарына түсінік, жауаптар берілді.