Медициналық ұйым өкілдерімен ZOOM -конференциясын өткізу туралы

Медициналық ұйым өкілдерімен ZOOM -конференциясын өткізу туралы

Ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының МӘС сұрақтары жөніндегі орынбасары Г.Т.Досымова және медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Э.И.Гречаник  медициналық ұйымдардың ДКК мүшелерімен онлайн режимде жиналыс өткізді. Жиналыста мынадай ақпараттар ұсынып, өзекті мәселелерге тоқталды:

-Медициналық-әлеуметтік сараптамадағы өзекті мәселелер;

-МӘС-ке 031/е, 033/е нысандарына жолдаманы сапалы толтыру;

-Мүгедектігі бар адамдарды сырттай куәландырудан өткізу;

 Медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданып отырған жолдамалар талданды.  «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу  және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» проактивті сырттай форматта белгілеуде мемлекеттік қызмет көрсетудің өз уақытында және сапасын жақсарту үшін осы бағыттағы жұмыстарды күшейту және жандандыру ұсынылды. Семинар барысында дәрігер-мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.