Профилактикалық бақылау

Профилактикалық бақылау

 «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ – інің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығына бекітілген кесте аясында Исатай ауданындағы субъектілеріне профилактикалық бақылау жүргізді.

Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша "Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ, «Атырау облысы білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімі» ММ, "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Исатай аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМКМ - де анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарым берілді, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғауға бағытталған құқықтық-нормативтік заңдар түсіндірілді.

ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 83 бабына сәйкес, ҚР "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау" заңнамасының талаптары орындалмаған жағдайда айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады деп атап өтілді.