«Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы № 109 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты «Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы №109 бұйрығына 17 тармақтың 1-бөлігіне өзгерістер енгізілді.

«Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын уақыт бұрын және төтенше жағдай уақытында басталған адамдарға мүгедектік, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдерін МӘС бөлімдері төтенше жағдай қолданылатын кезеңге ұзартады».

Мүгедектік мерзімнің аяқталуы 05.12.2021 ж. мен 19.01.2022 ж. уақыт аралығына келетіндерге мүгедектік мерзімдері автоматты түрде ұзартылатын болады, бұл ретте төтенше жағдайда сәйкес мүгедектік мерзімдері, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және мүгедектік оңалтудың жеке бағдарламасы 2022 жылғы 20 қаңтарға дейін белгіленеді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жайға немесе көрсетілген телефонға хабарласуға болады.

Атырау қ-сы, Махамбет көшесі 118 Е, 2 блок.

 8-7122-355619;  8- 7122- 355734 (ішкі105) телефондары.