«Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу: Магистратура» тақырыбында кездесу

«Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу: Магистратура» тақырыбында кездесу

2021 жылғы 22 желтоқсан күні Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облыстық филиалының директоры Ж.А.Нұртілеуованың қатысуымен Департамент қызметкерлері арасында «Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу: Магистратура» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының білім беру бағдарламалары туралы түсінік берілді.