«Caspian news» телеарнасының тікелей эфирі

«Caspian news» телеарнасының тікелей эфирі

2021 жылдың 25 қарашасында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің №1 әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің  бас маманы Койшыбаева Гулнази Есенкосовна «Caspian news»  қалалық  телеарнасының тікелей эфирінде «Әлеуметтік қорғау – тұрақтылық кепілі» тақырыбына арналған  «Елге қызмет» бағдарламасына қатысты.

Г.Е. Койшыбаева Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және 2022 жылдың қаңтар айынан өзгеретін  зейнетақы, жәрдемақы  төлемдерінің жаңа мөлшерлері туралы сөз қозғап, көрермендердің қойылған сұрақтарына жауап берді.