Құрманғазы ауданындағы профилактикалық бақылау

Құрманғазы ауданындағы профилактикалық бақылау

         "Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ - інің 2021 жылдың ІІ-ші жартыжылдығына бекітілген кесте бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімнің мамандары Құрманғазы ауданына іссаапарға барды.

          Іссапар аясында «Атырау облысы Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесін «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Құрманғазы аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін  «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңнамасы, ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 «Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» ережеге  сәйкес профилактикалық бақылау жүргізіліп, мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғауға бағытталған құқықтық-нормативтік заңдар түсіндірілді.

           ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 83 бабына сәйкес, ҚР "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау" заңнамасының талаптары орындалмаған жағдайда айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады деп атап өтілді.