Ауылдық округ әкімдерімен кездесу

Ауылдық округ әкімдерімен  кездесу

       2021 жылғы 19 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облыстық филиалы базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде» Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2021 жылға арналған жоспары негізінде "Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон  Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі басшы орынбасары Л.С.Сагинбекова, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі М.А.Намашева және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамының өкілі Г.Ш. Боранбаеваның қатысуымен облыстың мемлекеттік қызметшілерімен (оның ішінде ауылдық округ әкімдерімен) «Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.

      Қойылған сұрақтарға қолданыстағы зейнетақы  заңнамасына сәйкес түсінік  берілді.