Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына жүргізілген мемлекеттік бақылаудың қорытындысы

Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына жүргізілген мемлекеттік бақылаудың қорытындысы

ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2021 жылдың 9 айында «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңнама талаптарына сәйкес, мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуі бойынша барлығы 43 нысанға,  оның ішінде: профилактикалық бақылау -18, жоспардан тыс-25 тексерулер жүргізілді.

Тексеру қорытындысымен кемшіліктерді жою туралы жалпы 40 нұсқама беріліп, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 83 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, 5 нысанға жалпы соммасы - 393795 мың теңге айыппұл салынды. Өңдірілген соммасы  291700 мың тенге.