Үйлестіру кеңесі

Үйлестіру кеңесі

2021 жылдың 6 қазанында Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген қатысуымен  қалалық әкімдігінің үлкен  залында Мүгедектердің қолжетімді ортасының сақталу тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті, оған Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А.А. Султанова қатысты.

Аталған отырыста қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Байкадамов атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді. «Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін көлік және орта инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ «Қолжетімді орта» қалыптастыру жөнінде сұрақтар қойылып, талқыланды.