«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспары

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспары

2021 жылдың қыркүйек айында «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, «Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін көлік және орта инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ «Қолжетімді орта» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» мәселе бойынша кезекті отырысы өтті, оған Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы,    жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және де басқұа да мемлекеттік мекемелердің   басшылары қатысты.

Депутаттар 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың атқарған жұмыстары туралы есептерін тыңдады.