Индер ауданындағы өткен көшпелі отырыстар

Индер  ауданындағы өткен көшпелі отырыстар

     Ағымдағы жылдың 06 және 08 қазан  аралығында  Индер ауданында  өткен көшпелі отырыстарда Департамен басшысының орынбасары Г.Досымовамен №1,№4  МӘС бөлімі  мамандарының қатысуымен  аудан дәрігерлеріне семинар - отырыс өткізілді.

Г.Досымова аудан бойынша  мүгедектікке шығу көрсеткіштеріне тоқталып,   ҚР Сенат отырысында   қабылданған «ҚР кейбір заңнамалық   актілеріне азаматтардың жекеленген  санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» жаңалықтармен таныстырды.

Енгізілген өзгерістерде баланың денсаулығының бұзылуы және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін ескере отырып, заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтарға  бөлінетін болады және МӘСке куәландырудан сырттай өткізу форматы енгізілуде деді.

    Отырыс барысында дәрігерлердің қойған сұрақтарына жауаптар берілді.