Комиссия отырысы

Комиссия отырысы

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі күні қалалық маслихатта мүгедектігі бар жандардың мәселесі бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті.

Отырыс шеңберінде Атырау қаласындағы мүгедектігі бар адамдардың кейбір мәселелері қаралды.

Кездесу барысында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон комитетінің Атырау облысы  бойынша  департаменті басшысының медициналық-әлеуметтік сұрақтары жөніндегі орынбасары Г.Т.Досымова облыс бойынша мүгедектік турасында ақпарат берді. Сондай-ақ көптеген проблемалық мәселелер талқыланды.