Маслихат отырысы

Маслихат отырысы

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Атырау облыстық мәслихатының Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, оған Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы және білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары қатысты. Депутаттар 2021 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың атқарған жұмыстары туралы есептерін тыңдады.

Департамент басшысы өз сөзінде облыста әлі күнге дейін «Мүгедек адамдар үшін қол жетімділік ортаны қалыптастыру» орын алып отырған проблемаларға тоқталды.