Әдеп кодексі талаптарының сақталуы туралы

Әдеп кодексі талаптарының сақталуы туралы

       

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұжымы арасында Әдеп уәкілінің жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына онлайн түрінде түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Департаменттің басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Л.С.Сагинбекова мен Әдеп жөніндегі уәкілі М.А.Намашева Мемлекеттік қызметші қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауы және Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз ұстануы туралы, телефон әдебін сақтау және мемлекеттік қызметшілердің БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қоғам тарапынан сынға түсетін мақала немесе фотосуреттер жариялауы туралы айтып өтті.