10 тамыз – Абай күні

10 тамыз – Абай күні

«10 тамыз – Абай күніне» орай,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде» Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2021 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі М.Намашеваның бастамасымен,  «Пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Онлайн форматында өткізілген дөңгелек үстелге Департамент қызметкерлері қатысты.

Шара барысында, Департамент қызметкерлері қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өміріне, шығармашылығына тоқталып, қара сөздері мен өлеңдері айтылды.