Жиналыс

Жиналыс

2021 жылдың 19 шілдесінде Департаментпен Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының   және аудан мамандарымен ZOOM отырыс өткізілді. Отырыста 6 ай қорытындысы бойынша Мүгедектің  жеке оңалту бағдарламасының (бұдан әрі - МЖОБ) әлеуметтік бөлігінің орындалу көрсеткішінің төмен болу себебі талқыланды.

Атырау қалалық және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің мамандарымен мүгедектерге методологиялық, оның ішінде Портал арқылы тапсырыс бойынша көмектер көрсету жұмыстарын одан әрі күшейтуге ұсыныс берілді.

Департамент тарапынан МЖОБның орындалысына МӘС мамандарымен үнемі мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда екенін  хабарлайды.