ҚР ӘРПК - ның талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс

ҚР ӘРПК  - ның талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінде ағымдағы жылдың 9 шілдесі күні бас маман – заңгер консульт А.Қ.Елеусіновамен қызметкерлердің арасында толықтай әлеуметтік  арақашықтықты  сақтап,  Қазақстан Республикасының Әкімшілік  рәсімдік  - процестік Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) талаптары бойынша жиналыс өткізілді.

      Жиналыс барысында А.Қ.Елеусінова ҚР ӘРПК әкімшілік орган (лауазымды адам) мен өзіне қатысты осы Әкімшілік органның заңда белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталғандығы туралы айтты. Сонымен қатар, жолданымдарды тіркеу, оларға жауап беру мерзімдері мен негіздері түсіндірілді.