Ведомствоаралық жұмыс тобының кезектен тыс отырысы

Ведомствоаралық жұмыс тобының кезектен тыс отырысы

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезектен тыс отырысына комиссия мүшесі ретінде  Департамент басышысы – Мендигариева Гульнара Дженискалиевна қатысты.

Онлайн ZOOM арқылы өткізілген кезектен тыс отырысқа аудан әкімдері және мемлекеттік мекемесінің басшылары қатынасты.

Отырыс барысында, Дін істері басқармасы, Ауыл шаруашылығы басқармасы, Ветеринария басқармасы, Қызылқоға ауданы әкімі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің  мемлекеттік қызмет көрсету басқарма басшыларының жұмыстары мен талдаулары тыңдалды.