Мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесіне қатысу

Мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесіне қатысу

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде облыс әкімінің бірінші орынбасары  С.К. Айдарбековтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, оған Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Г. Д. Мендигариева қатысты. Бейнебайланыс режимінде аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Отырыс барысында халықты әлеуметтік қорғау саласында, атап айтқанда, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы туралы, мүгедек адамдарды электрондық - цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз ету туралы, барлық құралдар бойынша оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау туралы проблемалық мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету сапасы бойынша МӘМ тексерістерінің қорытындылары талқыланды