Қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдыртпау

Қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдыртпау

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің әлеуметтік қорғау саласында сыбайлас жемқорлық құық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жасалынып жатқан профилактикалық іс – шаралар аясында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінде ағымдағы жылдың 6 сәуірі күні Департамент басшысы Г. Мендигариеваның бастамасымен қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын болдыртпау бойынша  ҚР - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша Департаментінің басшының бірінші орынбасары А. Мамыттың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Жиналыс барысында Г. Мендигариева қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын болдыртпау үшін жасалатын профилактикалық іс – шаралар туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, ҚР - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша Департаментінің басшының бірінші орынбасары А. Мамыт атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар және сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершіліктің қатаңдатуға қатысты заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы атап өтті.

Сондай – ақ, Департамент басшысының МӘС мәселелері жөніндегі орынбасары Г. Досымова МӘС бөлімдерінің қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау мақсатында жасалынып жатқан жұмыстар туралы баяндама оқыды.

Жиын соңында қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, пікірлер алмасты.