Әдеп кодексі талаптарының сақталуы туралы

Әдеп кодексі талаптарының сақталуы туралы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұжымы арасында Әдеп уәкілінің жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасы негізінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі М.А.Намашева Мемлекеттік қызметші қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауы және Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз ұстануы туралы, телефон әдебін сақтау және мемлекеттік қызметшілердің БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қоғам тарапынан сынға түсетін мақала немесе фотосуреттер жариялауы туралы айтып өтті.