ҚР Еңбекминінің алқа отырысы 2021 жылғы 26 ақпанда өтеді

ҚР Еңбекминінің алқа отырысы 2021 жылғы 26 ақпанда өтеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) 2020 жылғы қызмет қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысы ағымдағы жылғы 26 ақпанда онлайн режимде өтеді.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, Еңбекминінің вице-министрлері, аппарат басшысы, Еңбекминінің  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы, ҚР Парламентінің, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, халықаралық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері және т.б. қатысады.

Отырыс сағат 10.00-де басталады.

Іс-шараның трансляциясын Еңбекминінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek?lang=ru сілтемесі бойынша көруге болады.