«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге

Ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 302 теңге

Жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге мөлшерінде белгіленеді.

- Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшердің 7%-ына арттырылады.

Қайтадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2021 жылы 46 еселенген АЕК-тен (134 182 теңге) аспауға тиіс.

- Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын және түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Қазақстан Республикасы Заңының 12, 16 және 18-баптарында көзделген мөлшерлерде белгіленеді және КД мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.

Толығырақ: www.gov.kz