Атырау облысы бойынша 2026 жылғы 1 жартыжылдығында бақылау бөлімімен 17 тексеру жүргізілді, оның ішінде 9 профилактикалық бақылау және жеке тұлғаның өтініші негізінде 8 жоспардан тыс тексеру өткізілді.
Бақылау іс-шараларының нәтижесінде заңнама талаптарының 373 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде ең көп бұзушылық мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламалары іс-шараларының орындалмауына қатысты – 351 бұзушылық. Бұдан бөлек, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде 4 бұзушылық, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптарының 18 бұзушылығы анықталды.
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша 9 бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы нұсқамалар берілді.
Сонымен қатар бөлім кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, прокуратураның материалдары негізінде тексеру жүргізілместен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу фактісі бойынша 216 250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Бұдан басқа, жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша осындай құқық бұзушылық үшін 1 295 337 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.