2020 жылдың 13 қарашасында Департаменттің № 1, 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің басшысы Қ.Қалиева мен бас маманы А.Беккалиева "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ң Атырау облысы филиалы "Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша" Қызылқоға аудандық бөлімі мен ХҚКО-ның қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, бас тартулар мен қайта өңдеулерді болдырмау және зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау және қайта есептеу барысында туындайтын сұрақтар бойынша әдістемелік-техникалық оқыту жүргізді.
Мамандардың қойылған сұрақтарына қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес түсінік берілді.