Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Атырау облысының әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары А.Әжіғалиеваның төрағалығымен мүгедектер істері жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа Еңбек және әлеуметік қорғау департаменті басшысының медициналық - әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Г.Досымова қатысты.
Кеңесте мүмкіндігі шектелген жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша сұрақтар талқыланып, қала әкімінің орынбасары С.Ембергеннің, Білім беру және Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының баяндамасы тыңдалды.
Отырыс қорытындысында облыс әкімінің орынбасары мүгедек жандардың өмір сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар берді.