Ашық есік күні

Ашық есік күні

Ағымдағы жылдың 03 сәуірінде Атырау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Әлеуметтік сала өкілі ретінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің «Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінің басшысы Г. Жумагалиева қатыстып баяндама жасады. Қатысушылармен пікір алмасып сұрақтарына жауап берілді.