Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерін лицензиялауға қатысты көрсеткіштер.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерін лицензиялауға қатысты көрсеткіштер.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді.

2026 жылғы 19 наурыз жағдайы бойынша Атырау облысында 30 ұйым АӘҚ көрсетеді. Олардың барлығы – 30 ұйым – лицензия алды (жалпы 2218 қызмет алушы), оның ішінде 29 мемлекеттік коммуналдық ұйым (МКҰ) және 1 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ). Берілген лицензиялардың саны, соның ішінде гибридтік лицензияларды есепке алғанда, төмендегідей:

  • Жартылай стационарлық жағдайда АӘҚ көрсететін ұйымдар – 8 ұйым (586 адам);
  • Стационарлық жағдайда АӘҚ көрсететін ұйымдар – 4 ұйым (766 адам);
  • Уақытша тұру жағдайында АӘҚ көрсететін ұйымдар – 2 ұйым (90 адам);
  • Үйде АӘҚ көрсететін ұйымдар – 16 ұйым (776 адам).