Мақат ауданының Орталығының ұжымына ақпараттық түсіндірме жұмысы

Мақат ауданының Орталығының ұжымына ақпараттық түсіндірме жұмысы

Ағымдағы жылдың 15 – 16 қазанында арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу сапасына бақылау жүргізу мақсатында 2020 жылға бекітілген II жартыжылдық кесте негізінде «Мақат аудандық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нің «Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ-де (бұдан әрі – Орталық) 2008 жылдың 29 желтоқсанындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы және  «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы  26 наурыздағы  № 165 бұйрығына сәйкес профилактикалық бақылау жүргізілді.

Тексеріс барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысты бірқатар кемшіліктер анықталды.

Осыған орай, Департамент басшысы Г.Д. Мендигариева және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А.А.Султанова Орталық ұжымына  ақпараттық – түсіндірме жұмысы жүргізілді. Тексеріс барысында барлық сұрақтарға ұтымды жауап берілді.