2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің атқарған жұмыстары.

2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің атқарған жұмыстары.

2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінде 2 штат бірлігі жұмыс істейді. 2025 жылғы 9 ақпаннан бастап бөлім басшысының лауазымы  және     26 наурыздан бастап бас маман лауазымы бос. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап маусым айына дейін - 81 өтініш тіркелді, қаралғаны – 26; қанағаттандырылғаны – 15; қанағаттандырылмағаны – 11; қараусыз қалғаны – 45; кері қайтарып алғандары – 10;

           2025 жылдың 1 жартыжылдығында 8 профилактикалық (оның ішінде "Жылыой ауданды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ және "Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не қатысты бармай профилактикалық бақылау  жүргізіліп, анықтама берілді) және  46 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 27 нұсқама берілді.

          Тексеру нәтижелері бойынша мүгедектерге әлеуметтік нысандарға қолжетімділік жасау бойынша ҚР заңнамасының 109 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде МБА қолжетімділігі бойынша-68, АӘК көрсету-41.

          2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 25 әкімшілік хаттама жасалып,  5494970 теңге сомасына айыппұл өндірілді, атап айтқанда:

 

           №

Атауы

айыппұл сомасы

1

Назар аудар ЖК

471840

2

SG West ЖШС

235920

3

AB Game Zone

235920

4

«Масалиева К» ЖК

235920

5

Медициналық колледж

98300

6

Жалғас и Ко ЖШС

235920

7

Насиха ЖШС

235920

8

«Джумагадиева И» ЖК

235920

9

«Гаржауова Ж» ЖК

235920

10

«Кушенов Н» ЖК

235920

11

№4 Атырау қалалық емхана

98300

12

АтырауГазИнвест ЖШС

235920

13

Сот-медициналық сараптамасының мәйітханасы

98300

14

«Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті»

98300

15

«Бекет» автовокзалы ЖШС «Лава Транс»

235920

16

«Балалар оңалту орталығы» КММ

98300

17

«Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ

471840

18

Индер аудандық білім бөлімінің «№3 Психологиялық-педагокикалық түзеу кабинеті» ММ

98300

19

«Sulpak»  дүкені, ЖШС «Каспий-Техно»

235920

20

ЖК «НарынСервис»

235920

21

ЖШС «Модерн Строй-Атырау»

393200

22

«Даулет» сауда үйі ЖК «Шиганаков»

235920

23

№9 Учаскелік полиция пункті

29490

24

«Qiwi» сауда ойын-сауық орталығы

196600

25

«Infinity Mall» сауда ойын-сауық орталығы

275240

 

Барлығы

5494970

 

 

 

«Назар аудар» супермаркеті және «Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ-қысқартылған айыппұл белгіленген мерзімде  төленбей, жалпы тәртіпке ауыстырылды.

«Qiwi» сауда ойын-сауық орталығы және №9 Учаскелік полиция пункті бойынша бұзушылықты жою туралы нұсқаманы уақытылы орындамауына байланысты Департаментпен ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды, ал «Infinity Mall» сауда ойын-сауық орталығы бойынша Атырау әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Сотта қарау нәтижесі бойынша 275240 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салумен соттың қаулысы шығарылды. Сот белгілеген айыппұлдың төлеу мерзімі әлі бар. Басқа барлық әкімшілік айыппұл уақытылы төленді.

Тексеру нәтижелері бойынша Департаменттен берілген нұсқамалардың орындалуы қатаң бақылауда. Белгіленген мерзімде орындалу барысын бақылау мақсатында уәкілетті органдар мен жауапты тұлғаларға уақытылы сұраныстар жолданып отыр.