Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің 2025 жылдың 1 жартыжылдығына атқарылған жұмыстары.

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің 2025 жылдың 1 жартыжылдығына атқарылған жұмыстары.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің тапсырмаларын және медиа жоспарды орындау мақсатында 2025 жылдың жартыжылдығы бойынша (қаңтар-маусым) жасалған жұмыстары бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау  бойынша жұмыс туралы есебін негізге ала отырып төмендегідей талдау жүргізілді:

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бойынша:

     Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің  жалпы саны – 44 085. Оның ішінде жаңадан тағайындалғандар- 24 325, қайта қаралғандар 19 760.

  • мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің

саны – 10 998.

  • электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –
  • Белсенді түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 8331.

Мемлекеттік корпорация және электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар болған жоқ.

2025 жылдың  6 айдың қорытындысына сай мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде  жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 7.

Оның ішінде:

  • телеарна – 2;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни газеттерде жарияланған мақалалар

саны – 4;

  • Әлеуметтік инстаграмм желісі арқылы тікелей эфир – 2;
  • "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ-ы мамандарымен  өткізілген әдістемелік көмек оқытулар – 7.

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен  қамтылған халық саны – 93.

Бақылау іс – шарасы барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдеріне қатысты қандай да бір құқық бұзушылықтар мен азаматтар тарапынан шағымдар болмады.

Бөлім комитеттің нұсқауларын  орындау мақсатында, 2023 жылы артық төлем бойынша төлем алушылардың бережағы- 211 706 614 теңгені құраса, бүгінгі күні-  86 687 447 теңгені құрап  отыр, яғни 59 пайызы  бюджет қаражатына кері қайтарылды.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 жарты жылдығына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес, профилактикалық бақылау бойынша Атырау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының филиалына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында филиал тарапынан кемшіліктер анықталмады.

2025жылдың 1-ші жарты жылдығына бірдей еңбек өтілі бар зейнетақы төлемдерін алушылардың 262 құжаттары тексеріліп, бірдей еңбек өтілі бар адамдар анықталмады.

Кеңес одақтастығы  кезінде Қазақстан елінде еңбек етіп, Тәуелсіз елдер достастығына (ТМД)  қоныс аударған азамттарға, зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілін растау үшін, ТМД елдерінен ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында  463 сұраныс  келіп түстіп, 176 сұраныс мұрағатқа жолданып, 169 құжаттың еңбек өтілі дәлелденіп жолданды.

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айы аралығында 134 арыз түсті, түрлері бойынша: 53 өтініш бойынша әкімшілік акт, оның ішінде 35 қолайлы әкімшілік акт, 18 ауыртпалықты әкімшілік акт қабылданды, 39 сауал, 25 қайта бағытталған, 7 тоқтатылды. Есепті кезең ішінде барлық өтініштерге мерзімінде жауаптар берілді.